Қолдану ережелері

Пайдаланушы Келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі-Келісім) Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы (ары қарай – https://e-inclusion.kz немесе Әкімшілік) мен сайттың пайдаланушысы арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. https://e-inclusion.kz сайты бұқаралық ақпарат құралы емес.

Сайтты пайдалана отырып, сіз осы Келісімнің шарттарымен келісесіз.

Егер сіз осы Келісімнің шарттарымен келіспесеңіз, https://e-inclusion.kz сайтын пайдаланбаңыз!

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Пайдаланушы:

– сайтта ақпарат іздеуді жүзеге асыруға

– сайттан ақпарат алуға

– сайт ақпаратын жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға құқылы.

Әкімшілік:

– өз қалауы және қажеттілігіне қарай ережелерді жасауға, өзгертуге, жоюға

– сайттағы кез келген ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге құқылы.

Пайдаланушы:

– сайттың жұмысын бұзбауға

– скриптарды (бағдарламаларды) ақпаратты автоматтандырылған жинау және/немесе Сайтпен және оның Сервистерімен өзара іс-қимыл жасау мақсатында пайдаланбауға міндетті.

Әкімшілік:

– өзіне тәуелді емес себептермен мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сайттың жұмысын қалыпты жүзеге асыруға міндетті.

Тараптардың жауапкершілігі:

– Әкімшілік үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер үшін жауапкершілік артпайды

-форс-мажорлық жағдай туындаған жағдайда (әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, табиғи апат және т. б.) Әкімшілік пайдаланушы орналастырған ақпараттың сақталуына, сондай-ақ ақпараттық ресурстың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді

Келісімнің қолданылу шарттары

Бұл Келісім осы сайтты кез келген пайдалану кезінде күшіне енеді.

Келісім мерзімсіз қолданылады.

Әкімшілік осы Келісімді өз қалауы бойынша біржақты тәртіппен өзгерту құқылы.

Келісім өзгерген кезде, кейбір жағдайларда Әкімшілік пайдаланушыларға өзгертулер туралы ыңғайлы түрде хабарлауы мүмкін.